15 наурызға тағайындалған Референдумды қолдау жөніндегі Алматы облыстық штабының жұмысы аясында «Қапшағай Бидай Өнімдері» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өтті.
Іс-шараға Алматы облыстық мәслихатының төрағасы Қ.С. Байғожаев, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Әшімжан Ж.С. және Нұргүл Тау, «AMANAT» партиясының Алматы облыстық филиалының төрағасы С.Н. Нұркадыров, сондай-ақ Қонаев қаласы әкімдігінің өкілдері мен 15 наурыздағы Референдумды қолдау жөніндегі коалиция мүшелері қатысты.
Кездесу барысында алдағы референдумға қатысты негізгі мәселелер, оның өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін маңызы, сондай-ақ азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысуының қажеттілігі талқыланды.



