Құт мекен жалындаған жастар үшін,
Білім менен ғылымның асқарысың
Жол салған алыстағы армандарға
Сен менің бақытымның бастауысың!
Ұяңнан ұшырдың ғой сан дараны
Өзіңсің талайлардың арман-әні
Қазақтың қасиетті шаңырағы
Әлемге кетер атың самғап əлі!
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстанның жетекші классикалық университеті мəртебесіне ие Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы. ҚазҰУ-ды еліміздің барлық жоғарғы білім беру жүйесінің тірегі, білікті мамандар ордасы деуге болады.
Мемлекет басшысының әлемнің үздік топ-ЖОО рейтингісіне ену тапсырмасын тыңғылықты орындап отырған ҚазҰУ ұжымы білімге негізделген экономиканың белсенді субъектісіне айналмақ. Ендеше жетістік деген осы болар! Киелі шаңырағымыз 90 жылдық аса бай тарихымен университет Қазақстанның жетекші классикалық университеті мәртебесіне ие Қазақстан білімі мен ғылымының ірі орталығы, жоғары кәсіби, жоғары оқу орнынан кейінгі білім мен ғылымның инновациялық дамуының ұлттық көшбасшысы. Мерейің үстем, болашағың жарқын бола берсін- ҚазҰУ!
Балапандай қанат қаққан, әрбір жас тұлғаны бауырына басып дамуына үлес қосып келе жатқан маңдай алды университет ол – ҚазҰУ. Әрбір студент еліміздің болашағы. Сапалы маман даярлауда біздің университет алдыңғы қатарларда жүр. Білімнің қайнар ошағы болып отырған қара шаңырақ заманауи білім беруден де қалыс қалып жатқан жоқ. Әлемдік озық елдерге студенттеріміз барып оқып келіп тәжірибе жинап университетте дуалды жүйе де қалыптасып теория мен практиканы қатар дамытып жатыр. Оқимын деген әрбір тұлғаға жан-жақты көмек пен мүмкіндік жетерлік. Танымал профессорлар мен білімді ұстаздардан білім алған студенттеріміз жақсы жерлерде қызмет атқарып жүрген жандар аз емес. ҚазҰУ білім мен тәрбиенің ошағы, қара шаңырақтан білім алған әрбір тұлға мемлекет болашағы. Тарихы тереңде жатқан қаладағы тарихи университетім менің саған алғысым шексіз!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің, Заң факультетінің, қылмыстық құқық және іс жүргізу, криминалистика кафедрасының профессоры – Г.М. Атаханова
Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы кафедрасының оқытушысы – Ш.Д.Советхан
ҚазҰУ-нің, Заң факультетінің 2-курс магистранты Темирхан А.К.