spot_img

Жас мамандардың ел болашағына бейжай қарамай, құқықтық сауаттылыққа қызығушылық танытуы – қуантарлық жайт

Бүгін Қонаев қалалық коалициялық штаб мүшесі ретінде Қонаев қаласындағы “Асау Барақ” атындағы жеке меншік мектеп ұжымымен мазмұнды әрі ашық форматта кездесу өткіздік.

Кездесу барысында еліміздің Ата Заңы – Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар кеңінен түсіндіріліп, жаңа редакциядағы тараулар мен баптардың мән-маңызына тоқталдық. Әсіресе, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңашылдықтар, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту және қоғамның саяси өміріне азаматтардың қатысу мүмкіндіктерін кеңейту бағытындағы нормалар жан-жақты талқыланды.

Мектеп ұжымы мен жасмамандар тарапынан бірқатар өзекті сұрақтар қойылып, оларға нақты әрі түсінікті жауаптар берілді. Жас мамандардың ел болашағына бейжай қарамай, құқықтық сауаттылыққа қызығушылық танытуы – қуантарлық жайт. Пікір алмасу барысында ұсыныстар айтылып, ашық диалог алаңы қалыптасты. #реформа #конституция

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke