Мен, Майсалимова Ақтолқын, көпбалалы ана ретінде Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілетін жаңа нормаларды толық қолдаймын. Бұл бастамалар еліміздің болашағын нығайтуға, құқықтық жүйені жетілдіруге және әділетті қоғам қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам деп есептеймін.
Ата-ана ретінде мен үшін ең бастысы – балаларымның қауіпсіз, тұрақты әрі дамыған мемлекетте өмір сүруі. Конституциядағы жаңа ережелер азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға ықпал етеді деп сенемін.
Біз, аналар, ел ертеңіне бейжай қарай алмаймыз. Өйткені бүгін қабылданған шешімдер – ұрпағымыздың болашағына тікелей әсер етеді. Сондықтан ел дамуына, бірлігі мен тұрақтылығына бағытталған жаңа бастамаларды қолдау – әрбір саналы азаматтың парызы деп білемін.
Тәуелсіз еліміздің іргесі берік, келешегі кемел болуы үшін қабылданып жатқан жаңа қадамдарға қолдау білдіремін.



