spot_img

Біз үлкен буын талай кезеңді көрдік

Ел ішінде соңғы кезде жаңа Конституция жобасы туралы көп әңгіме айтылып жатыр. Мұндай үлкен мәселе әр азаматқа қатысты болғандықтан, біз де қарап отырмай, ойымызды білдіріп отырғанымыз жөн деп ойлаймын. Өйткені Ата Заң – мемлекеттің бағытын айқындайтын, қоғамның қалай өмір сүретінін көрсететін басты құжат.
Біз үлкен буын талай кезеңді көрдік. Ел тәуелсіздігін алған алғашқы жылдары да оңай болған жоқ. Бірақ халықтың бірлігі мен сабырының арқасында бүгінгі күнге жеттік. Сондықтан қандай өзгеріс болса да, оның түпкі мақсаты елдің тұрақтылығын сақтау, халықтың әл-ауқатын арттыру болуы керек.
Қазақта «Бірлік бар жерде – тірлік бар» дейді. Ел ішінде татулық, заң алдында әділдік болса, қоғам да дұрыс дамиды. Ең бастысы – жастарымыз білім алып, еңбек етіп, елдің болашағын бірге құруы. Біз үлкендер әрқашан елдің амандығын тілейміз.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke