Конституция – жай ғана заң емес, ол елдің тағдырын айқындайтын негізгі құжат. Сондықтан оған қатысты әр өзгеріс ойланып, байыппен қабылдануы тиіс. Қоғамда әділдік, заң үстемдігі, халықтың мүддесі бірінші орында тұрса, мемлекет те мықты болады.
Қазақ халқы ежелден заң мен тәртіпті құрметтеген. «Тура биде туған жоқ» деп әділдікті жоғары қойған халықпыз. Сол құндылықтар бүгінгі күні де өз маңызын жоғалтқан жоқ. Мемлекет пен халық арасындағы сенім сақталса, кез келген қиындықты бірге еңсеруге болады.
Біздің басты тілегіміз – елдің тыныштығы, халықтың бірлігі. Болашақ ұрпақ бейбіт, тұрақты елде өмір сүрсе – одан асқан бақыт жоқ.



