spot_img

Заң әділ болса, қоғамда тәртіп болады

Еліміздегі кез келген маңызды өзгеріс халықтың өміріне әсер ететіні анық. Конституция – сол өзгерістердің негізі. Сондықтан бұл мәселеге әр азамат жауапкершілікпен қарауы керек деп ойлаймын.
Біз үлкен буын ретінде елдің амандығын, қоғамдағы тұрақтылықты бәрінен жоғары қоямыз. Өйткені мемлекет мықты болуы үшін ең алдымен халықтың бірлігі керек. Заң әділ болса, қоғамда тәртіп болады, ал тәртіп бар жерде береке болады.
Қазақта «Ырыс алды – ынтымақ» дейді. Сол ынтымағымыз сақталып, еліміздің іргесі берік, болашағы жарқын болсын деп тілейміз.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke