spot_img

Қонаевта Көрісу күні – Амал мерекесі кең көлемде аталып өтті

Бүгін Қонаев қаласында 14 наурыз – Көрісу күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Қалалық мәдениет үйінде ұйымдастырылған жиынға ақсақалдар, жастар және қала тұрғындары қатысып, бір-бірімен көрісіп, амандасып, ұлттық дәстүрді дәріптеді.

Көрісу күні – халқымыз үшін ерекше мағынаға ие мейрам. Бұл күні ағайын-туыс, көрші-қолаң бір-бірімен қауышып, амандық-саулық сұрасып, жаңа жылдың, Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесінің бастауын қарсы алады.

Іс-шара барысында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы Ануар Мұхтарханұлы құттықтау сөз сөйлеп, жиналған қауымды Амал мерекесімен құттықтады. Ол өз сөзінде Көрісу күні халықтың бірлігі мен татулығын нығайтатын, ұлттық құндылықтарды жаңғыртатын ерекше дәстүр екенін атап өтті.

Мерекелік бағдарлама барысында Алматы облысының өнерпаздары дәстүрлі әндер орындап, би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар ұлттық ойындар ұйымдастырылып, қатысушылар арқан тартыс, тоғызқұмалақ және қол күрес секілді сайыстарда бақ сынады.

Мерекеге жиналған жұртшылық ұлттық салт-дәстүрді дәріптеген осындай шаралардың маңызы зор екенін айтып, бір-біріне ақ тілектерін арнады.

Көрісу күні – адамдарды жақындастырып, татулық пен сыйластықты дәріптейтін ерекше мереке. Қонаев қаласында өткен бұл шара Наурыз мейрамының шырайын кіргізіп, қала тұрғындарына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Амал мерекесі құтты болсын! Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына аман-есен жете берейік!

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke