Адам құқықтарын қамтамасыз ету: құқықтық саясат және жоғарғы оқу орындарының рөлі

        Адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету – кез келген құқықтық мемлекеттің басты басымдықтарының бірі және еліміздің мемлекеттік саясаттың негізгі өзегіне айналып отыр. Адам құқықтарын қорғау ісінде мемлекеттік органдармен қатар үкіметтік емес ұйымдар да белсенді қызмет атқарады. Соған қарамастан, азаматтардың құқықтарының бұзылу жағдайлары әлі де кездеседі және бұл мәселелер арнайы баяндамалар мен бұқаралық ақпарат құралдарында көрініс табуда.

       Құқықтардың толық жүзеге асуына кедергі келтіретін факторлар қатарында қоғамдағы құқықтық мәдениеттің жеткіліксіздігі, құқықтық нигилизм және заңнаманы қолдану тәжірибесіндегі кемшіліктер бар. Осыған байланысты адам құқықтарын тиімді қорғау үшін құқықтық тетіктердің үйлесімді әрі біртұтас жүйесін қалыптастыру маңызды.

        Қазақстанда адам құқықтары саласын дамыту үшін бірыңғай стратегиялық бағыттарды іске асыру қажеттілігі артып келеді. Бұл ретте мемлекеттік құрылымдар мен азаматтық қоғам институттарының өзара іс-қимылы ерекше маңызға ие. Сонымен қатар, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту, мониторинг жүргізу және құқықтық ағарту жұмыстарын күшейту де негізгі міндеттердің бірі болып табылады.

      Осы үдерісте жоғары оқу орындарының, әсіресе әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-нің рөлі ерекше. Университет құқық саласында студенттерге заманауи құқықтық білім беріп, адам құқықтарын қорғау саласында кәсіби дағдыларды және білікті мамандар даярлау арқылы елдегі құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және дамытуға елеулі үлес қосып келеді.

       Адам құқықтарын қорғау жүйесінде үкіметтік емес ұйымдар маңызды серіктес ретінде қарастырылады. Мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы ашық диалог пен сенімді әріптестік құқықтардың сақталуын қамтамасыз етудің негізгі кепілі болып табылады. Сонымен қатар, азаматтардың өтініштері тиісті органдарда қаралып, олардың құқықтарын қорғауға бағытталған нақты шаралар қабылданады.

       Қорытындылай келе, адам құқықтарын қамтамасыз ету – мемлекет, білім беру мекемелері және азаматтық қоғамның ортақ міндеті. Қазақстан бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізіп, құқықтық саясатты жетілдіруге, халықаралық стандарттарды енгізуге және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға баса назар аударып келеді. Ал жоғары оқу орындары, соның ішінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, осы үдерістің маңызды ғылыми-білім беру орталығы ретінде ерекше орын алады.

Д.Ә. Бакиров

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

кеден, қаржы және экологиялық құқық

кафедрасының аға оқытушысы 

Қ.Бахманова

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,

кеден, қаржы және экологиялық құқық

кафедрасының аға оқытушысы 

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke