ҰБТ-да үлкен өзгеріс: енді бір рет қана тапсырасыз

Педагог болу қиындай маЖаңа талаптар қандай

Қазақстанда талапкерлерді іріктеу жүйесі түбегейліөзгереді

Аида Балаева: ҰБТ жүйесін жаңғырту – білім сапасынарттыруға бағытталған маңызды қадам

Қазақстанда талапкерлерді іріктеу жүйесін жетілдірумақсатында Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) форматынабірқатар өзгерістер енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралыҚР премьер-министрінің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, адами капиталға инвестиция жасау– мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі. Бұлбағыт Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырғанреформалардың негізін құрайды. Бүгінде әлем елдері білімберу жүйесін жаңғыртып, жаңа модельдер мен цифрлықшешімдерді енгізуде.

«Қазіргі таңда білім беру саласы тек білім беруменшектелмей, нақты дағдыларды меңгерген, еңбек нарығынабейімделген мамандарды даярлауға бағытталуы тиіс. Бұл – сапалы жаңа кезеңге көшу», – деді Аида Балаева.

Осыған байланысты талапкерлерді іріктеу жүйесінде, әсіресе педагогикалық мамандықтарға қабылдау кезіндежаңа тәсілдер енгізілмек. Атап айтқанда, тестілеумен қатарарнайы емтихандарды қамтитын гибридті бағалау формасықолданылады. Бұл тәсіл талапкерлердің тек пәндік білімінғана емес, сонымен бірге сыни ойлау, талдау жәнекоммуникациялық дағдыларын бағалауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, келесі жылдан бастап педагогикалықбағыттарға түсу кезінде ҰБТ нәтижелерімен қатар ауызшаемтихандар да ескерілмек. Бұл емтихандардаталапкерлердің оқуға дайындығы мен кәсіби бейімділігінеерекше назар аударылады.

Министр сондай-ақ ҰБТ-ны бір рет тапсыру форматынакөшіру ұсынылып отырғанын атап өтті. Оның сөзінше, бұлшешім грант конкурсына қатысу кезінде әділ әрі объективтібағалауды қамтамасыз етуге бағытталған. Ал талапкерлердің дайындық деңгейін тексеру үшін сынақтестілеу жүйесі сақталады.

Бұдан бөлек, жоғары оқу орындарына Foundation бағдарламалары арқылы шартты қабылдау тәжірибесіненбас тарту жоспарланып отыр. Себебі мұндай жүйеменқабылданған студенттердің едәуір бөлігі оқу барысындақажетті шекті баллды жинай алмайды.

«ҰБТ жүйесін өзгерту – тестілеуден бас тарту емес. Бұл – дарынды талапкерлерді анықтап, әділ іріктеуге бағытталғанмаңызды қадам», – деп қорытындылады Аида Балаева.

Жалпы, ұсынылып отырған өзгерістер білім беру сапасынарттырып, елдің ұзақ мерзімді дамуына негіз болады депкүтілуде.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke