ЕҢ МЫҚТЫ БАТАГӨЙ — ҚОНАЕВТА

     «Ауыл» партиясының бастамасымен ұлттық мұраны ұлықтаған «Батамен ел көгерер» атты  республикалық байқауы 2023 жылдан бері ұлттық құндылықтарды дәріптеу, қазақ халқының рухани мұрасы — бата беру дәстүрін жаңғырту және жас ұрпақтың бойына тәрбиелік мәні жоғары сөз өнерін сіңіру мақсатында ұйымдастырылып келеді.  Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған байқау басталғалы 900-ге жуық бата-тілек жинақталған. Биылғы онлайн форматта өткен байқауға Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі ауыл-ауылдардан 508 батагөйлер тіркелген.

Олар ел мен жер, әділетті қоғам, адал азамат тақырыбын арқау етіп, жас ұрпаққа өсиет айтты. Оған белгілі мамандар, филологтар, этнографтар бағасын беріп, өңірлік кезеңнен жеңімпаз болған 60 жүлдегерлердің арасынан республикалық кезеңге жолдама алған жеңімпаздары анықтаған болатын.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің Мәжіліс залында «Батамен ел көгерер» республикалық батагөйлер байқауы жеңімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі өтті.​Салтанатты жиынға қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының мамандары мен батагөйлері қатысты.

Іс-шара барысында қазылар алқасының шешімімен Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері, Әлем Халықтары Жазушылары одағының мүшесі, осы одақтың «Құрмет иесі» медалі мен  Халықаралық Дінмұхамед Қонаев қорының «Мерей» орденінің иегері,  бірнеше  республикалық, облыстық, қалалық жазба ақындардың жыр мүшәйрасының жүлдегері, «Жалғыз жарық», «Тасқа тұнған тамшылар», «Өмірімнің өрнегі» атты жыр жинақтарының авторы – Қонаев қаласының аузы дуалы, сөзі уәлі батагөйі  Берік Байлов жеңімпаз атанып, бірінші орынды олжалады. Екінші орынды Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылының тұрғыны Жексенбай Алғазин,  үшінші орынды Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылының ардагері Сейтқазы Медетбек иеленді

Бата-тәлім мен тәрбиенің тіні, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан мұра. «Ауыл» партиясы дәстүрді дәріптеу мақсатында қолға алған осы байқауға 2024- 2025 жылдары қатысып, облыста екі жыл қатарынан екінші орынды иемденген едім. Республикалық  «Батамен ел көгерер» байқауына бірінші рет қатысып отырмын. Алдымен облыстық кезеңде топ жарып, республикалық байқауға жолдама алдым.

Астанада өткен байқауда қазылар алқасы берілген батаның мағынасына, қадір-қасиетіне баса назар аударумен қатар, авторлық қолтаңбаға басым баға берді. Бағымыз бен бабымыз қатар шауып, ең алдымен Жаратқан Иеміздің арқасында, одан кейін ел-жұртымыздың дұға-тілектерінің арқасында Алматы облысы бірінші орынды иемденіп бұл жолы да жұлдызымыз оңынан туды,-деді байқау жеңімпазы Берік Байлов бізбен әңгімесінде.

     ​Қонаев қаласының батагөйлері республикада осымен екінші мәрте топ жарып, бас жүлдені иемденіп отыр. 2024 жылы Шеңгелді ауылының батагөйі  Бақытжан Атакелдиев бірінші орынды олжаласа, былтырғы жылы «Манкент» шиажайына жолдама алып жеңісті үстемелеген болатын.

 ​                                                                             Назгүл НҰРСЕЙІТ

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke