Қызметтік әдеп – мемлекеттік жүйенің айнасы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады. Ол қоғамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуден және қоғамдық мүдделерді ең жақсы және тиімді түрде қанағаттандырудан тұрады.

Мемлекеттік қызмет Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға міндеттейді.

Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде мемлекеттік саясатты ұстануға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекетке және оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылуға тиіс. 

Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік келбеті мен іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптарды арттыру мақсатында «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі бекітілді; 

Әрбір мемлекеттік органда (МО) Әдеп жөніндегі уәкіл бар. ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінде Әдеп жөніндегі уәкілдің функциялары департаменттің бөлім басшысы А.Нугмановқа жүктелген. ӘЖУ миссиясы-мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңдар мен Әдеп кодексін бұзушылықтардың алдын алу және қызметтік әдеп нормаларын сақтауды қамтамасыз ету. 

Жалпы мемлекеттік қызметтің әдеп қағидаттары:

адалдық, әділдік, ашықтық, сыпайылық, азаматқа көңіл аудару. Яғни, мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халықтың сұраныстарына толығымен назар аудара отырып, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.

Мемлекеттік қызметшілерге мынадай талаптар қойылады:

кішіпейіл болу, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтау, шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпау, мемлекеттің мүдделері мен азаматтардың құқықтарына нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге қарсы тұру, заңда белгіленген шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысын болдырмау, азаматтармен қарым-қатынаста дұрыстық таныту, дөрекілік, қадір-қасиетін қорлау, әдепсіздік және дұрыс емес мінез-құлық фактілеріне жол бермеу, өз іс-әрекеттерімен және мінез-құлық олардың тарапынан сынға себеп бермейді, жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілердің және өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін, сондай-ақ қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүддесінде онымен байланысты мүмкіндіктерді, оның ішінде оларға өз көзқарасын насихаттау үшін қызметтік жағдайын пайдаланбау; 

Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қатынастарда: 

1) ұжымда іскерлік және достық қарым-қатынастар мен сындарлы ынтымақтастықты орнатуға және нығайтуға ықпал етуге;

2) басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзушылықтардың жолын кесуге не оларды болдырмау жөнінде өзге де шаралар қолдануға;

3) әріптестердің ұжымдағы ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жеке және кәсіби қасиеттерін талқылаудан бас тартуға; 

4) өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, жанқиярлықтың, жеке адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне құрметпен қараудың үлгісі болуға тиіс;

5) қызметшілердің ар-намысы мен қадір-қасиетіне кемсітушілік пен қол сұғушылықтың кез келген нысандарын болдырмайтын қолайлы моральдық-психологиялық атмосфера құруға бағытталған шаралар қабылдауға;

6) жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес келмейтін іс-әрекеттер жасауға мәжбүрлемеуге;

7) әріптестеріне қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, қадір-қасиетін қорлау, әдепсіздік және дұрыс емес мінез-құлық фактілеріне жол бермеуге;

8) өзінің діни нанымдарын әріптестеріне таңдамауға, бағынысты қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлемеуге міндетті.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп стандарттарын бұзуы тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады.

А.Нугманов,

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі, бөлім басшысы 

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke