Тергеушінің бір күні: жауапкершілік пен әділдік

Түркістан облысы Полиция департаментіне қарасты Созақ ауданы полиция бөлімінің тергеушісі Ерубай Рәт үшін әр күн – үлкен жауапкершілік пен үздіксіз ізденіске толы.
Тергеушінің бір күні өткен тәулікте тіркелген қылмыстық істерді зерделеуден басталады. Әрбір ақпарат мұқият талданады. Себебі әрбір шешім адам тағдырына тікелей әсер етеді.
Қылмыстық істер бойынша куәлардан жауап алынады. Әр сөз бен әрбір деталь істің дұрыс шешілуіне ықпал етеді.
– “Тергеушінің басты міндеті – шындықты анықтау. Кейде бір ғана ұсақ деталь істің бағытын толық өзгертіп жатады. Сондықтан әрбір сөзге, әрбір дәлелге ерекше мән береміз”, – дейді полиция аға лейтенанты Ерубай Рәт.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke