Четверг, 25 апреля, 2024

Басқада

Аудан педагог-психологтары өзара іс-тәжірибелерімен бөлісіп, қызықты ақпараттармен хабардар етті

2022 жылдың 16-шы ақпан күні сағат 10:00-де «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы»  АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты жедел жоспарына сәйкес «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушысы Жадыра Жолдасбекқызы Абдрахимованың ұйымдастыруымен «Эмоционалды интеллект компоненттері және оны дамыту жолдары» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы облыстық семинар өткізілді.

Семинар мақсаты: Эмоционалды интеллект компоненттерін саралау, бағыттарын айқындау, жағымсыз және жағымды сезімдерді тану, жеке сезімдерді жалаң фактілерден ажырата білу, сондай-ақ жеке және әлеуметтік қабілеттер жиынтығын түсіндіру. Семинарға аудан педагог-психологтары қатыстырылды.

Семинар барысында эмоционалды интеллект тұжырымдамасының негізін айқындай отырып, эмоционалды ителлекттінің басты бес бағытын анықтап, эмоцияларда қамтылған ақпаратты өңдеу қабілетінің ерекшеліктері, эмоционалды интеллектті дамыту жолдарының бірі – жағымсыз эмоциялардың төмендеуінің салдары, эмоцияны түсіне және басқара білу сынды қырлары талданып, қарастырылды. Аудан педагог-психологтары өзара іс-тәжірибелерімен бөлісіп, қызықты ақпараттармен хабардар етті. Аталған іс-шара өте жоғары деңгейде өтті.

Осы орайда «Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы»  АҚ филиалы Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Әдіснама және педагогикалық инновация» кафедрасының аға оқытушысы Жадыра Жолдасбекқызы Абдрахимоваға еңбегіңіз жандана берсін деген тілекпен барлық қатысушы педагог-психологтардың атынан алғысымызды білдіреміз.

Қапшағай қаласы, Шеңгелді ауылы

Қадырғали Жалайыр атындағы №6 орта мектеп

педагог-психологі А.Таубаева

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Жаңалықтар | Новости