«Құрбандық шалу ветеринариялық бақылау және қадағалау талаптарына сай арнайы мал сою орындарында жүргізілуі тиіс», — деп атап өтті ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Даурен Тойбаев.
Құрбандық шалатын орындарға бірқатар санитариялық талап қойылады. Атап айтқанда, мал тек арнайы белгіленген орындарда сойылуы қажет. Сонымен қатар, тазалық талаптары қатаң сақталып, лас әрі шаң-тозаңды жерлерде мал союға жол берілмейді. Мал сою пункттерінде міндетті түрде су жүйесі болуы тиіс. Ең бастысы — сойылатын малдың ветеринариялық анықтамасы болуы шарт.
Алматы облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Алтынай Раймбекованың сөзінше, талаптардың сақталмауы сібір жарасы, бруцеллез, лептоспироз, сальмонеллез секілді қауіпті жұқпалы аурулардың таралуына себеп болуы мүмкін.
Мамандардың айтуынша, мұндай талаптар тұрғындардың денсаулығын сақтау, мал ауруларының алдын алу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған

