Құрбан айт: онлайн құрбан шалу биыл да жалғасады

Алматы облысында Құрбан айт мерекесіне орай 29 арнайы мал сою орны белгіленді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысы Дін істері басқармасының басшысы Ерғали Көшеке мәлімдеді.
Өңірде қасиетті мерекеге дайындық бірнеше бағыт бойынша жүргізілуде. Биыл басты назар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, ветеринариялық және санитариялық талаптарды сақтауға, сондай-ақ заңсыз мал саудасы мен бейберекет сою фактілерінің алдын алуға аударылған.
Ресми мәліметке сәйкес, құрбандық шалуға арналған 29 орынның барлығы алдын ала тексерістен өткен. Арнайы бекітілген нысандарда ветеринариялық бақылау ұйымдастырылып, жауапты мамандар бекітілген.
«Рұқсат етілмеген аумақтарда мал сою немесе сату санитариялық жағдайдың нашарлауына, қоғамдық орындардың ластануына және тұрғындардың наразылығына себеп болуы мүмкін. Сондықтан мереке күндері бақылау күшейтіледі»,-деді Ерғали Көшеке.
Баспасөз мәслихатында Құрбан айттың өту тәртібі де нақтыланды. Алматы облысының бас имамы Мадияр Пірімқұлов биыл Арапа күні 26 мамырға сәйкес келетінін айтты. Ал Құрбан айттың алғашқы күні 27 мамырда басталады. Айт намазы облыс мешіттерінде таңғы сағат 06:00-де оқылады.
Бас имамның айтуынша, құрбан шалу рәсімі айт намазынан кейін басталып, 29 мамыр кешкі ақшамға дейін жалғасады. Биыл да тұрғындар құрбандықты дәстүрлі түрде де, онлайн форматта да шала алады.
Соңғы жылдары онлайн құрбан шалуға ниет білдірушілер саны көбейген. Әсіресе жұмыс кестесіне байланысты арнайы орындарға бара алмайтын азаматтар, өзге қалада немесе шетелде жүрген қазақстандықтар осы мүмкіндікті жиі пайдаланады. Осыған байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы qurban.muftyat.kz платформасын іске қосқан.
Сайт арқылы азаматтар құрбандық малын таңдап, төлем жасап, тапсырысты қашықтан рәсімдей алады. Сонымен қатар құрбандық еті әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, мұқтаж жандарға үлестіріледі. Дін өкілдерінің айтуынша, бұл жүйе қайырымдылық жұмыстарын реттеуге әрі халыққа қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді.
«Құрбан айттың мәні тек мал шалумен шектелмейді. Бұл – мұқтажға қол ұшын беру, жанашырлық таныту, сауапты іс жасау мерекесі»,-деді Мадияр Пірімқұлов.
Брифинг барысында ветеринариялық қауіпсіздік мәселесі де кеңінен сөз болды. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Даурен Тойбаев құрбандық шалу тек арнайы белгіленген орындарда жүргізілуі қажет екенін ескертті.
Оның айтуынша, мешіттер ветеринариялық бақылау нысандарына кірмейді. Сондықтан ол жерлерде мал союға рұқсат берілмейді. Әрбір малдың ветеринариялық анықтамасы болуы тиіс. Сонымен қатар мал тасымалдау кезінде барлық ілеспе құжаттардың болуы міндетті.
«Бұл талаптар ең алдымен тұрғындардың денсаулығын қорғауға бағытталған. Сондай-ақ мал ауруларының таралуына жол бермеу және азық-түлік қауіпсіздігін сақтау маңызды»,-деді Даурен Тойбаев.
Өңірлік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті де мереке күндері тұрғындарды сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырды. Департамент басшысының орынбасары Алтынай Райымбекова мал сою орындарында таза ауыз су, кәріз жүйесі және залалсыздандыру талаптары толық сақталуы тиіс екенін айтты.
Мамандардың сөзінше, ет өнімдерін дұрыс сақтамау мен санитариялық талаптарды елемеу қауіпті инфекциялық ауруларға себеп болуы мүмкін. Атап айтқанда, сібір жарасы, бруцеллез, лептоспироз және сальмонеллез ауруларының таралу қаупі бар.
Сондай-ақ тұрғындарға етті ашық күн астында ұзақ қалдырмау, тағам әзірлеу кезінде тазалыққа мән беру және қол гигиенасын сақтау қажеттігі ескертілді.
Құрбан айт күндері қоғамдық қауіпсіздік мәселесі де ерекше бақылауда болады. Алматы облысы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Берік Дакеев мереке кезінде полиция күшейтілген режимде қызмет атқаратынын жеткізді.
Оның айтуынша, тәртіп сақшылары сауда орындары мен арнайы мал сою бекеттерінде бақылауды күшейтеді. Сонымен қатар жол қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады.
«Азаматтардан тазалық сақтауды, жол ережесін бұзбауды және малды тек арнайы белгіленген орындарда сатуды сұраймыз»,-деді Берік Дакеев.

Назерке Инақынқызы

Предыдущая статья
Алматы облысында құрбан шалатын 29 орын бекітілдіКүллі мұсылман қауымы күткен Құрбан айт мерекесінің басталуына санаулы күндер қалды. Бірлік пен береке, мейірім мен қайырымдылық салтанат құратын рухани мейрам биыл 27 мамырға сәйкес келеді. Бұл туралы Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шешіміне сәйкес, Арапа күні 26 мамырға тұспа-тұс келеді. Ал 27 мамыр — Құрбан айт мерекесінің алғашқы күні.Алматы облысының бас имамы Мадияр Пірімқұловтың айтуынша, құрбан шалу рәсімі 27 мамыр күні айт намазы оқылғаннан кейін басталып, 29 мамыр кешкі ақшам намазына дейін жалғасады. Айт намазы облыс аумағындағы мешіттерде таңғы сағат 06:00-де оқылады.Айт күндері жасалатын ең сауапты амалдардың бірі — құрбан шалу. Шариғат бойынша шамасы жеткен, балиғат жасына толған әрбір мұсылманға құрбан шалу міндеттеледі. Осыған байланысты өңірде арнайы 29 мал сою орны бекітілген.Алматы облысы Дін істері басқармасының басшысы Ерғали Көшекенің мәліметінше, аталған нысандарға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Алматы облыстық аумақтық инспекциясы тарапынан тексеру жүргізіліп, олардың ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкестігі жан-жақты зерделенген. Нәтижесінде барлық бекітілген орындар талапқа сай деп танылған.Сондай-ақ, Құрбан айт кезінде санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында мал сою орындарына жауапты ветеринариялық-санитариялық инспекторлар бекітілген.Мамандардың айтуынша, мешіттер ветеринариялық бақылау нысандарына жатпайтындықтан, онда мал союға рұқсат етілмейді.
Следующая статья

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke