Қолжетімді орта – қоғам дамуының маңызды көрсеткіші

Қазақстанда мүгедектігі бар азаматтардың құқықтарын қорғау және қолжетімді орта қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Бұл бағыт ҚазақстанРеспубликасының Конституциясымен, Әлеуметтіккодекспен және халықаралық міндеттемелермен реттеледі.

Қазақстан 2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының «Мүгедектердің құқықтары туралы» конвенциясынратификациялап, мүгедектігі бар адамдардың көлікке, ақпаратқа, ғимараттарға және мемлекеттік қызметтерге теңдәрежеде қол жеткізуін қамтамасыз ету міндетінқабылдады.

Бүгінде облыс көлемінде «AMANAT» партиясының«Халықпен бірге» жол картасы аясында инфрақұрылымнысандарын бейімдеу жұмыстары жүргізілуде. 2023–2027 жылдары 1422 нысанды бейімдеу жоспарланған. Қазіргітаңда Inva.gov.kz интерактивті картасына 1400-ден астамнысан енгізілген.

Мониторинг барысында бірқатар кемшіліктеранықталды. Атап айтқанда:

– пандустар талапқа сай емес;

– тактильді жолақтар орнатылмаған;

– арнайы автотұрақ орындары қарастырылмаған;

– санитарлық тораптар бейімделмеген.

Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдарғаанықталған бұзушылықтарды жою жөнінде тиістітапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап жаңаҚұрылыс кодексі күшіне енеді. Соған сәйкес мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшінқолжетімділік декларацияларын келісу рәсімі енгізіледі.

Ендігі таңда объектілердің қолжетімділік талаптарынасәйкестігі туралы декларацияларды ҚазақстанРеспубликасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағыреттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріқарайтын болады.

Бұл өзгерістің басты мақсаты – пайдалануға берілетінобъектілердің қолжетімділік талаптарына нақты сәйкестігінқамтамасыз ету. Яғни, жаңа және реконструкцияланғаннысандар мүгедектігі бар азаматтар үшін толық қолжетімдіболуы тиіс.

Қолжетімді орта қалыптастыру – тек мемлекеттікоргандардың ғана емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті.

Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақтыбақылауда болады. Мемлекеттік органдар, қоғамдықұйымдар және азаматтық қоғам өкілдері бірлесе отырып, кедергісіз әрі қолжетімді орта қалыптастыру жұмыстарынжалғастыра береді.

Д.Сенгербаев,

Халықты әлеуметтік қорғау 

саласындағы бақылау бөлімінің басшысы

мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторы

Предыдущая статья
Следующая статья

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke