Одан кейін қатысушы https://forms.gle/Atqq7GBK8btzmovD7 сілтемесі арқылы өтінім толтырып, суреттің файлын, эссені жəне əлеуметтік желідегі жарияланымға сілтемені жолдайды. Өтінім қабылдау 2026 жылғы 5 маусым мен 27 шілде аралығында жүргізіледі. Жұмыстарды кəсіби суретшілер, иллюстраторлар мен салалық мамандардан құралған сарапшылар комиссиясы бағалайды. Сонымен қатар «Халық таңдауы» номинациясы бойынша ашық онлайн дауыс беру ұйымдастырылады.
Сондай-ақ «Үздік экологиялық үндеу», «Үздік көркем шешім», «Үздік цифрлық туынды», «Ең жас талант» жəне «Халық таңдауы» арнайы номинациялары тағайындалған.
Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстардан Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануарлар мен өсімдіктерге арналған «Qyzyl Book Art: Дала қазынасы» арт-кітабы жарық көреді, сондай-ақ ағартушылық жəне мəдени жобалар аясында таныстырылады.

