Бір айға да жетпейтін уақыттан кейін, яғни 23 тамыз күні, қоғамымыз бен еліміз үшін аса маңызды саяси оқиға өтеді. Бұл күні мемлекетіміздің дамуына айрықша үлес қосатын Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді. Бұл – жай ғана кезекті дауыс беру күні емес, әрбір азаматтың өзінің азаматтық жауапкершілігін танытып, таңдау жасап, Қазақстанның болашағына ықпал етуіне берілген мүмкіндік.
Біздің бүгінгі таңдауымыз денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау және өзге де маңызды салалардың ертеңгі дамуына тікелей әсер етеді. Сондықтан әрбіріміз сайлау учаскесіне барып, белсенді азаматтық ұстанымымызды танытып, сайлау үдерісіне деген сенімімізді білдіруіміз қажет.
Ұмытпайық, берік демократия – еліміздің тұрақтылығы мен өркендеуінің кепілі. Бірлесе отырып, біз әр азаматтың мүддесіне сай келетін жарқын болашақты қалыптастыра аламыз. Еліміздің тағдырына бейжай қарамай, маңызды шешім қабылдауға атсалысыңыздар!
Ракишева Айман Галимжанқызы,
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасының директоры,
Қонаев қалалық мәслихатының депутаты.


