Ақпараттық хабарлама

Стратегиялық командалық-штабтық «Батыл тойтарыс – 2026» оқу-жаттығуын дайындау және өткізу шеңберінде ағымдағы жылдың тамыз және қыркүйек айларында Қазақстан Республикасының аумағында қару-жарақ, әскери техника мен жеке құрамды жауынгерлік даярлық іс-шараларын өткізу аудандарда жүзеге асырылады.​
Әскерлерді қайта орналастыру аралас тәсілмен жүзеге асырылады: теміржол эшелондары, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша автомобиль колонналары, сондай-ақ армиялық авиация пайдаланылады.​​
«Батыл тойтарыс – 2026» оқу-жаттығуы кешенді сипатқа ие, еліміздің бүкіл аумағындағы оқу-жаттығу полигондарын қамтиды және Қарулы Күштердің қазіргі жағдайдағы міндеттерді орындауға әзірлігін тексеруге бағытталған.​​
Оқу-жаттығу барысында құрлықта, әуе кеңістігінде, теңізде және киберкеңістікте бірыңғай жедел кеңістікте әскерлерді қолдану және әскер түрлері арасындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру мәселелері пысықталады.
Өткізілетін іс-шаралар жоспарлы сипатқа ие және әскерлердің жауынгерлік даярлығын жетілдіруге, әскери басқару органдарының, әскер түрлері мен тектерінің, сондай-ақ арнайы әскерлердің өзара іс-қимыл деңгейін арттыруға, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолданудың заманауи нысандары мен тәсілдерін пысықтауға бағытталған.​Осыған байланысты азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін сабырлық сақтауға, тек ресми ақпаратты басшылыққа алуға және тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырамыз.
Көрінеу жалған ақпаратты тарату, сондай-ақ анық емес мәліметтерді жариялау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соғатынын еске саламыз.
Қазақстан Республикасы
Қарулы күштерінің
Бас Штабы

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke