«АБАЙ ОҚУЛАРЫ» — РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР КҮНІ

Қонаев қаласындағы қалалық кітапханада ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күніне орай «Әділет» партиясының қалалық төрағасы Б.Д. Фатықұлының бастамасымен және партияның «Жастар рухы» Жастар қанатымен бірлесіп «Абай оқулары» атты рухани-мәдени шара өтті.

Шара барысында Абайдың мол мұрасы кеңінен дәріптеліп, ақынның өлеңдері оқылып, шығармаларының тағылымдық мәні мен ұлттық руханияттағы орны туралы ойлар ортаға салынды.

Кездесу барысында ұлы ойшылдың білім, ғылым, еңбек, адамгершілік және ел бірлігі туралы құнды ойларына ерекше назар аударылды. Жастар Абай шығармашылығын насихаттап, ақын мұрасын кейінгі ұрпаққа жеткізудің маңыздылығын атап өтті.

«Абай оқулары» — жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, білімге ұмтылуға және ел болашағына жауапкершілікпен қарауға үндейтін тағылымды шара болды.

Абай мұрасы — ұлт руханиятының мәңгілік қазынасы!

Предыдущая статья
Следующая статья

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke