Қонаев қаласында «Әділет» партиясы сайлауалды штабының өкілдері санитариялық-эпидемиологиялық бақылау қызметкерлерінің ұжымымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, халықтың денсаулығын қорғау, санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жиын барысында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау саласының қоғамдағы маңызы, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, еңбек жағдайларын жақсарту және мамандардың кәсіби әлеуетін қолдау жөнінде пікір алмасу өтті. Қызметкерлер өзекті мәселелерін көтеріп, саланы дамытуға бағытталған ұсыныстарын білдірді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар қоғамдық денсаулықты сақтау мен әлеуметтік әділеттілікті нығайту бағытындағы бірлескен жұмыстың маңыздылығын атап өтті.
Халық денсаулығы — ел болашағы. Әділетті қоғам — жауапкершілік пен сапалы қызметтен басталады!
#Әділет #ӘділетПартиясы #Қонаев #СанитариялықЭпидемиологиялықБақылау #ҚоғамДенсаулығы #ӘділеттіҚоғам


