Воскресенье, 14 июля, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Елімізде алаяқтардың 34 миллион қоңырауы бұғатталды — ІІМ

Кейінгі жылдары банк қызметкерлерінің атынан телефон шалатын алаяқтар көбейді. Қылмыскерлер көбіне нөмірді ауыстыру қызметін пайдаланады. Былтыр полиция қызметкерлері осындай 3600 қылмысты анықтады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Осыған байланысты ІІМ оларды бұғаттау мәселесін көтерді. Ведомство Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, Ксеll, КаР-Тел, Altel және Теle2 ұялы байланыс операторларының антифрод-жүйелерінің дерекқорын біріктірді.

Бұл техникалық шаралар қазақстандық абоненттік нөмірлерге халықаралық трафик арқылы өтетін фрод-қоңырауларды тануға және бұғаттайды.

Нәтижесінде былтыр 6 айында 19 миллион қоңырау бұғатталды, ал биыл анықталған қоңыраулар 15 миллионнан асады.

Осындай қылмыстар жасауға қатысы бар адамдарды анықтау, оның ішінде call-орталықтар деп аталатын қызметті бейтараптандыру және жолын кесу бойынша шаралар қабылданып жатыр.

Мәселен, былтыр ел аумағында интернет-алаяқтық кезінде ұрланған ақшаны қолма-қол ақшаға айналдырған 5 трансұлттық қылмыстық топ анықталып, жолы кесілді. Былтыр желтоқсанда Украинаның ұлттық полициясымен бірге Днепропетровск облысының аумағында арнайы операция жүргізілді.

Соның нәтижесінде қазақстандықтарды алдаған құрамында 32 украиналық бар қылмыстық топ жойылды. Бұл шаралардың нәтижесінде IP-телефонияны пайдаланумен байланысты телефон алаяқтығының саны екі есе төмендегенін атап өткен жөн.

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke