Пятница, 3 мая, 2024

Басқада

Алматы жастары балалар үйінің ауласын тазалауда

«Алматы — біздің ортақ үйіміз» науқаны аясында бастау алған «Әлеуметтік шеберхана» акциясы жалғасуда.

Акцияның негізгі мақсаты – қарттар мен балалар үйлерін, үйсіздерге көмек көрсету орталықтары және басқа да осындай әлеуметтік мекемелердегі жағдайды жақсартуға жәрдемдесу.

Акция аясында Алматы жастары 1 аптаның ішінде 25 ағашты ақтап, 47 орындық  және 3 балалар ойын алаңын бояп, 4 балалар үйінің ауласын тазалады. Аталмыш шараға Алматы қаласындағы комьюнити орталықтардың 50-ге жуық  белсенді жастары атсалысты.

Жастардың сөзінше, аталмыш акция тоқтап қалмайды. Белсенділер алдағы уақытта қарттар үйі мен әлеуметтік мекемелердің де ауласын тазалауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, алматылық волонтерлер осындай игі істерге  жыл бойы белсене қатысады. Мәселен, волонтерлер қыста да балалар үйінің, жалғыс тұратын зейнеткерлердің ауласын қардан тазалап, күннің суығында қала тазалығына жауап беретін коммуналдық қызметкерлерге ыстық шәй мен тіскебасарлар таратып тұрады.

Жаңалықтар | Новости