Воскресенье, 5 мая, 2024

Басқада

Қазақстанда 30 градус ыстық болады

Синоптиктер 7-9 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес алдағы күндері республиканың көп бөлігінде найзағай ойнап, жел соғады, жаңбыр жауады. 8-9 қыркүйекте солтүстік-батыста, 9 қыркүйекте елдің солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Қазақстанның оңтүстік-шығысында таулы аудандарда түнгі уақытта жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болжанады.

«Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында күндіз ауа температурасы біртіндеп 18-25 градусқа дейін көтеріледі, ал Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында 13-23 градусқа дейін төмендейді, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында негізгі ауа температурасы 22-30 градус деңгейінде болады», — делінген хабарламада

Жаңалықтар | Новости