Воскресенье, 8 сентября, 2024

Instagram@nurlyolke

Басқада

spot_img

Бала еңбегі қаналмауы тиіс

Бүгінде бала еңбегін қанау дүниежүзілік өзекті мәселеге айналып отыр.  Халықаралық ұйымдардың зерттеулерінің нәтижелеріне сүйенер болсақ, біздің елімізде де бала еңбегін пайдалану кеңінен етек жайып келеді екен. Жазғы маусымда кейбір әке-шешелер балаларын жұмысқа орналастырып қояды. Сондай-ақ, көптеген балалар өздігінше ақша табуды қалайды. Бұл тұрғыда  жұмыс берушілер мен ата-аналар кәмелетке толмағандарға қатысты еңбек заңнамасын сақтауы тиіс. Баласының әр күні мен сағаты тіпті, минутының қалай өтіп жатқанын ата-ананың басты назарында болуы керек.  Бала еңбегін қорғауға арналған республикалық акция дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілуде. Биыл да  бала еңбегін қорғауға арналған акция өз жалғасын тапты.  

Қонаев қалалық Ахмет Жұбанов атындағы №5 орта мектеп ұжымы да аталған акцияның жүзеге асуына бел шеше кірісіп кетті. Алдымен мектеп директоры Мақпал Байжанова білім ордасында «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық акциясын ұйымдастыру және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Мақсаты – ауыр жұмыс істеу баланың денсаулығына зияндығын және әрбір балалының ешбір қиындықсыз, жарқын өмір сүруге тиіс екендігін ұғындыру

Аталмыш жоспар бойынша біілім беру мекемесінде ұлттық-ақпараттық науқан шеңберінде мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларының ұйымдастыруымен бірқатар шаралар жүзеге асырылды.

Атап айтқанда, аталған жоспар бойынша мектепте  әр түрлі іс-шаралар  ұйымдастырылып,  әлеуметтік желілерде  отбасылық құндылықтар мен  бақытты балалық шақты  насихаттайтын бейнероликтер  көрсетіліп, акция жайлы ақпараттар орналастырылды.  Сынып жетекшілерге арналған «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» атты ақпараттық семинар өтіп, түсіңдірме жұмысы жүргізілді. Мектеп психологы А. Нұржанова 8 сынып оқушыларына  «Зорлық-зомбылыққа жоқ деп айта біл» деген тақырыпта  тренинг өткізді. 9-11 сынып жетекшілері мен құқық пәні мұғалімі В.Коврижкин «Балалар еңбегі тақырыбында  9-11 сынып оқушыларымен әңгімелесу өткізсе, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, әлеуметтік педагог пен мектеп инспекторы қиын өмірлік жағдайғағы  отбасыларды аралап, жағдайымен танысты. Сонымен қатар Дүниежүзілік  балалар еңбегіне қарсы күрес күніне арналған іс-шара ұйымдастырылды. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар мен мектеп инспекторы тарапынан «Түнгі қаладағы балалар», «отбасындағы зорлық-зомбылық жоқ», «жасөспірім» атты рейдке шықты.

Көп адамдар балалар еңбегі мен еңбек тәрбиесін шатастырады. Еңбек тәрбиесі дегеніміз – үйде ата-анаға көмектесу, қоғамдық жұмыстарға араласу. Мұндай балаларға зиянсыз еңбектен келіп кетер еш қауіп жоқ.

Алима САЯПОЛДАЙ,
А. Жұбанов атындағы №5 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Жаңалықтар | Новости

Instagram@nurlyolke