ГЭС ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ — ЕҢБЕК АДАМЫНА ҚОЛДАУ, ЖАУАПТЫ БИЗНЕС — ТҰРАҚТЫ ДАМУ КЕПІЛІ

Қонаев қаласында «Әділет» партиясы сайлауалды штабының өкілдері Ш. Чокин атындағы Қапшағай ГЭС-інің еңбек ұжымымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, еңбек адамдарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету, қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету және еңбек ұжымдары үшін қолайлы жағдай қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, өндірістік саладағы еңбек жағдайын жақсарту, қызметкерлердің кәсіби дамуына мүмкіндік жасау және тұрақты жұмыс орындарын сақтау жөнінде пікір алмасу өтті. Ұжым өкілдері өз ұсыныстары мен өзекті мәселелерін ортаға салып, пікірлерін білдірді.

Кездесу ашық әрі еркін форматта өтіп, қатысушылар еңбек адамына құрмет пен қамқорлық — әділетті қоғам құрудың маңызды негізі екенін атап өтті.

Еңбекке құрмет — елге құрмет!
Жауапты көзқарас — тұрақты даму кепілі!

#Әділет #ӘділетПартиясы #Қонаев #ГЭС

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke