«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

Астанада «Әділет» партиясының ұйымдастыруымен тұрғын үй қорын басқару мәселелеріне арналған республикалық диалог алаңы өтті.

Жиынға еліміздің әр өңірінен МИБ және ПИК төрағалары, басқарушы ұйымдардың өкілдері, сарапшылар мен белсенді тұрғындар қатысты.

Кездесуде көппәтерлі үйлерді басқару, инженерлік желілерді жаңғырту, күрделі жөндеу, құрылыс сапасы, қаржыландыру, тұрғындар мен басқарушы ұйымдардың жауапкершілігін нақты бөлу және тұрғын үй саласын цифрландыру мәселелері талқыланды.

«Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту ортақ жауапкершілік пен ашық диалогты талап ететінін атап өтті.

Партия тұрғындардың ұсыныстарын ескеріп, тұрғын үй қорын жаңғырту, инженерлік желілерді дамыту және басқару жүйесін цифрландыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырады.

Тұрғын үй сапасы — халықтың өмір сапасы. Әділетті басқару — жайлы өмірдің кепілі!

#Әділет #ӘділетПартиясы #ТұрғынҮй #МИБ #ПИК #ТКШ #Қоғам #Қонаев #ӘділеттіҚоғам

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke