Мен спортшы ретінде еліміздегі өзгерістер мен реформаларға бейжай қарамаймын. Себебі спортта да, мемлекет дамуында да ортақ мақсат, тәртіп, еңбек және жауапкершілік маңызды. Құрылтайдың құрылуы – елдің болашағына қатысты маңызды шешімдердің бірі деп санаймын.
Спортшы үшін жеңіс тек медальмен өлшенбейді. Отанның көк туын биікке көтеру, ел абыройын қорғау, кейінгі ұрпаққа үлгі болу – үлкен жауапкершілік. Сол сияқты әр азаматтың да елдің болашағына өз үлесін қосуы маңызды.
Бүгінгі жас спортшылардың арманы – әлемдік ареналарда Қазақстанның көк туын көкке көтеру. Ал елдің әр азаматының арманы – бейбіт, тұрақты әрі болашағы жарқын Қазақстанда өмір сүру. Осы мақсаттарымыз бір арнада тоғысады.
Сондықтан әр азамат ел тағдырына жауапкершілікпен қарап, өз таңдауын саналы түрде жасауы қажет. Мықты мемлекет – жауапкершілігі жоғары азаматтардан құрылады. Бірлігіміз бекем, болашағымыз жарқын болсын!
Насыр Ақжігіт дзюдодан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатның қола жүлдегері


