«Дала демократиясы»: ақсақалдар ел тарихына тоқталып, Құрылтай сайлауында дауыс берді

Талғар ауданындағы №820 сайлау учаскесінде дауыс бергендердің қатарында аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Ахат Солтанқұлов та бар. Ақсақал Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Осы арқылы ол жерлестеріне азаматтық жауапкершіліктің маңызын өз ісімен көрсетті.
«Ежелгі ата-бабаларымыздың заманында, Қазақ хандығы дәуірінде маңызды шешімдер Құрылтайда қабылданған. Оған ру өкілдері, ел билеген игі жақсылар, батырлар мен билер жиналған. Мұндай басқару үлгісін дала демократиясы деп атауға болады. Заман өзгергенімен, ұлттық болмысымыз өзгермейді. Жүздеген жыл бұрынғыдай, бүгін де Қазақстанның болашағы біз үшін маңызды. Сондықтан елдің саяси өміріне белсене араласып, өз таңдауымызды жасап келеміз», – деді Ахат Солтанқұлов.
Ақсақал үшін сайлауға қатысып, дауыс беру – ертеден қалыптасқан азаматтық ұстаным. Оның айтуынша, қоғамдағы бірлік, өзара сыйластық пен елдегі тыныштық көп жағдайда адамдардың бір-біріне деген құрметіне байланысты.

Алматы облысының ӨКҚ

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke