Жаңа оқу жылы қарсаңында Қонаев қаласы Полиция басқармасының Әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері қала прокуратурасымен бірлесіп, кешенді дайындық іс-шараларын өткізді.
Іс-шара барысында білім беру ұйымдарына іргелес орналасқан жол учаскелеріне тексеру жүргізіліп, жаяу жүргіншілер өткелдерінің, жол белгілерінің және көше жарықтандыру жүйесінің жай-күйі қаралды.
Басты мақсат – оқу жылы басталғанға дейін жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әсіресе балалардың мектепке бару және қайту кезінде қауіпсіз қозғалуына жағдай жасау.
🚸 Балалардың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ міндет!
#заңментәртіп🚨 #законипорядок

