-0.1 C
Алматы
4.6 C
Капшагай
Пятница, 22 ноября, 2024
spot_img

Түркістан облысында 9 айда тіркелген қылмыстардың ашылымы жақсарған

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы М.Қабденов, аппарат пен облысқа қарасты аудандық, қалалық полиция басшыларының жұмысын пысықтады. Полиция департаментінің үлкен мәжіліс залында өткен жедел кеңесте 2024 жылдың 9 айында тәртіп сақшыларымен атқарылған жұмыстың нәтижелері қаралды.

Департамент бастығы қорытынды есепті саралап, жеке құрамға нақты тапсырмалар берді.

Статистикаға сүйенер болсақ, Түркістан облысында ағымдағы жылдың 9 айында құқық бұзушылықтар 1,7 %-ға төмендеген. Жалпы ашылым былтырғы жылмен салыстырғанда 2,9 %-ға жоғарылаған. Тонау қылмысының тіркелімі 26,7 пайызға төмендеген. Оған қоса облыстың бас полицейі көшеде жасалған қылмыстар мен мас халде қоғамдық орында болу фактілерінің алдын алуға, алаяқтық қылмысы мен жол көлік оқиғаларының алдын алу шараларын күшейтуге, тұрақты түрде рейдтік-профилактикалық шараларды атқаруға тапсырма берді.

Генерал облыс полицейлеріне «Профилактика жылы» шеңберінде нұсқаулар беріп, нәтижелі жұмыс көрсеткішін көрсетуді атап өтті.

Сондай-ақ құзырлы органдармен бірлесіп, ауыл ақсақалдары, белсенділер мен жастардың қатысуында жасөсіпірімдер арасындағы құқық бұзушылық профилактикасына бағытталған кездесулерді әрі қарай әрбір елді мекендерге, ауылдарда өткізілуін тапсырды.

Жиын соңында департамент бастығы Мұрат Қабденов жеке құрамды қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, тұрғындар тыныштығын сақтауда жұмысты жандандыруға шақырды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

- Жарнама -spot_img

instagram
@nurlyolke

Жаңалықтар | Новости