Құпия деректерді бермеңіз: Банк картасының нөмірін, артындағы CVV-кодты, ЖСН және телефонға келген SMS-кодты ешкімге айтпаңыз.Күмәнді сілтемелерді баспаңыз: Бейтаныс адамдар жіберген немесе әлеуметтік желідегі жалған жарнамадағы сілтемелер арқылы өтпеңіз.Қоңырауды дереу ажыратыңыз: Өзін банк немесе полиция қызметкерімін деп таныстырып, ақша аударуды талап еткендерге сенбей, ресми нөмірге қайта хабарласыңыз.Қаржылық пирамидаларды тану белгілеріӨте жоғары пайыздық табыс: Нарықтағы басқа банктер мен компанияларға қарағанда тым жоғары кірісті кепілдендіреді.Жаңа адамдарды шақыру шарты: Компания тек басқа адамдарды тартып, солардың ақшасы есебінен ғана төлем жасайды.Нақты өнімнің болмауы: Компанияның нақты сататын тауары немесе көрсететін қызметі жоқ, тек айналымдағы ақшаға негізделген.

