🔹 ЖЕКЕ МҮЛІК – ЗАҢМЕН ҚОРҒАЛАТЫН ҚҰҚЫҚ

Әр азаматтың өзіне тиесілі мүлкі заңмен қорғалады. Жеке мүлік – азаматтың өз қаражатына сатып алған немесе заңды түрде иеленген мүлкі.

Жеке мүлікке тұрғын үй, жер учаскесі, автокөлік, ақша қаражаты, бағалы заттар, тұрмыстық техника, жиһаз және басқа да материалдық құндылықтар жатады.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, әркімнің меншік құқығы қорғалады. Жеке мүлікті заңсыз иелену, ұрлау, бүлдіру немесе оған қасақана зиян келтіру құқық бұзушылық болып табылады және заң алдында жауапкершілікке әкеп соғады.

Меншікке құрметпен қарау – құқықтық мәдениеттің және қоғамдық тәртіптің маңызды көрсеткіші.

«Заң мен тәртіп» – қауіпсіз қоғамның кепілі!

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke