29 тамыз – 1 қыркүйек аралығында Орал қаласында дзюдодан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған мықты спортшылар бақ сынаған байрақты бәсекеде Алматы облысының дзюдошылары жоғары нәтиже көрсетіп, қоржынға 3 медаль салды.
Токарева Екатерина – 78 кг салмақ дәрежесінде І орын, алтын медаль!
Ережепова Аружан — 52 кг салмақ дәрежесінде I орын, алтын медаль!
Жалғасов Серік – 100 кг салмақ дәрежесінде ІІІ орын, қола медаль!
Бұл – спортшылардың тынымсыз еңбегі, табандылығы мен жаттығудағы ізденісінің жемісі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, олардың жаттықтырушыларын шын жүректен құттықтаймыз!
Алматы облысының спортшыларына алдағы жарыстарда толағай табыс, жаңа жеңістер және биік белестерді бағындыруды тілейміз!

