Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде әскери қызметшілердің қазаға ұшырауына байланысты 2026 жылғы 25 қыркүйек Қазақстан Республикасында Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Жалпыұлттық аза тұту күні еліміз бойынша мәдени-бұқаралық, мерекелік және ойын-сауық сипатындағы іс-шаралар тоқтатылады. Бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстардың жұмысы қаралы күннің сипатына сәйкес жүргізіледі.
«Нұрлы өлке» редакциясы қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.
Қайғыларыңызға ортақпыз.
Марқұмдардың жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын.

