ҺҚытайдың UBTECH Robotics компаниясы қазақстандық Nero Group-пен бірлесіп, Алматыда гуманоидты роботтар шығаратын зауыт салмақ. Жобаға $440 млн инвестиция салынады.
Зауыт туралы:
🔹 Көлемі — шамамен 25 мың шаршы метр
🔹 Роботтармен қатар робототехникалық жиынтықтар шығарылады
🔹 Қолдану салалары: білім беру, өндіріс, логистика, қызмет көрсету
Білім беру бағыты:
📚 Қазан айынан бастап жыл сайын 50 мың робототехникалық жиынтық өндіріледі
🏫 Алдымен Алматыдағы 30 мектепке беріледі
🏫 2028 жылы тағы 200 мектепті қамту жоспарланған
🤖 Оқушылар робот құрастыруды, бағдарламалауды және ЖИ-мен жұмыс істеуді үйренеді
Гуманоидты роботтар:
🔧 Құрастыру келесі жылдың екінші тоқсанында басталады
📈 Жылына 1000 робот өндіру жоспарланған
💻 Бағдарламалық жасақтама Қазақстанда әзірленеді
🎓 ҚазҰУ және Сәтбаев университетінің ғалымдары зерттеулерге тартылады

