Құрметті Қонаев қаласының ардақты аға буын өкілдері!

Сіздерді 1 қазан – Халықаралық қарттар күнімен құттықтаймын!

Бұл күн – өмір жолы өнегеге, мағыналы еңбек пен мол тәжірибеге толы аға буынға құрмет көрсетіп, ақыл-кеңесін ардақтайтын ерекше мереке.

Сіздер ел дамуына елеулі үлес қосып, кейінгі ұрпаққа тәлім мен тағылым қалдырдыңыздар. Бүгінде сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен парасат-пайымдарыңыз қоғам үшін аса құнды.

Баршаңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға амандық пен береке тілеймін. Әрдайым жақындарыңыздың ықыласы мен құрметіне бөленіп, ұрпақтарыңыздың қуанышын көріп жүріңіздер!

Халықаралық қарттар күні құтты болсын!

Құрметпен,
Қонаев қаласының әкімі
Асхат Бердіханов

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke