Қосқұдық ауылында заңсыз қоқыс орындары тазартылды

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қосқұдық ауылында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

Ауыл аумағында заңсыз төгілген қатты тұрмыстық қалдықтар анықталып, аталған орындар толықтай тазартылды. Жұмыстар барысында жалпы 7 тонна қоқыс шығарылды.

Тазалық жұмыстарын жүргізуге 2 арнайы техника жұмылдырылып, заңсыз төгілген қоқыс орындары ретке келтірілді.

Мұндай жұмыстардың негізгі мақсаты – елді мекеннің санитарлық жағдайын жақсарту, қоршаған ортаны қорғау және ауыл аумағының тазалығын қамтамасыз ету.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke