Шеңгелді ауылдық округінің әкімі Манеев Жандос Оралбекұлы Ақөзек ауылында тұрғындармен кездесу өткізіп, атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады.
Жиын барысында ауыл тұрғындарының мәселесі жан-жақты талқыланды.
Округ әкімі Жандос Оралбекұлы Манеев барлық көтерілген мәселелер назарға алынатынын, тиісті сала мамандарымен бірлесіп нақты шаралар қабылданатынын жеткізді. Кездесу барысында айтылған ұсыныс-пікірлер алдағы жоспарға енгізіліп, жүйелі түрде жұмыс жүргізілетін болады.

