Бізде AI мамандарының тапшылығы бар. Дегенмен бұл түйткілді мәселені шешуге мемлекет барынша тырысып жатыр. Мысалы, жоспар бойынша елімізде жасанды интеллект саласында жыл сайын 1000 маман дарялануы керек. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі бірінші вице-министрі Қаныш Төлеушин айтқан еді. «Біз алдымызға жасанды интеллект саласында жыл сайын мыңдаған маман даярлау, жасанды интеллект саласында жыл сайын 100 стартап іске қосу бойынша өршіл міндет қойып отырмыз. Біз 2026 жылға қарай жыл сайын миллиард долларлық экспорттық кіріске қол жеткізу міндетін қойып отырмыз», деді ол.
Президент те бұл мәселені мүмкіндігінше тезірек шешуді тапсырды. Оның айтуынша, алдағы уақытта кейбір отандық жоғары оқу орындарында «Google» және «Huawei» халықаралық компанияларының тиісті курстары өтпек. Корея мен Қытайдың жоғары оқу орындарымен білім беру және мамандарды бірлесіп даярлау бойынша келісім жасалды. «Бізге өскелең ұрпақтың барлық жаңа цифрлық технологияларға еркін бағдарлануы қажет. Ол үшін жасанды интеллект мүмкіндіктерін кеңінен зерттеуге баса назар аударып, орта мектеп пен жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының мазмұнын қайта қарау қажет», деді Мемлекет басшысы.

