Туған жердің тазалығы – әрбір азаматтың жауапкершілігі. Көшелерді, аулаларды, саябақтар мен қоғамдық орындарды таза ұстау, қоқысты арнайы орындарға тастау, ағаштар мен жасыл желектерді күтіп-баптау – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Таза қоршаған орта – ұлт денсаулығының, жайлы өмірдің және келер ұрпақтың жарқын болашағының кепілі. Табиғатқа жанашырлық танытып, тазалықты күнделікті өмір салтымызға айналдырайық!

