Іле ауданының әкімі Қайыржан Жақсымбетов VIII шақырылым мәслихат депутаттарымен кездесіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері мен халық игілігі жолындағы еңбектері үшін алғыс білдірді.
Аудан басшысы депутаттардың тұрғындардың өзекті мәселелерін шешуге, ауданның дамуына бағытталған бастамаларды қолдауға және маңызды шешімдер қабылдауға белсенді атсалысқанын атап өтті.
«Ауданның дамуына үлес қосып, халықтың өзекті мәселелерін шешуге атсалысып, өздеріңізге жүктелген міндеттерді абыроймен атқарғандарыңыз үшін әрқайсыңызға шынайы алғысымды білдіремін», – деді Қайыржан Жақсымбетов.
Жиын барысында депутаттарға құрмет көрсетіліп, марапаттау рәсімі өтті.
Кездесу соңында аудан әкімі депутаттарға алдағы қызметтеріне табыс, отбасыларына амандық пен береке-бірлік тіледі.

