ТАЗА ҚАЗАҚСТАН — ӘРҚАЙСЫМЫЗДАН БАСТАЛАДЫ

Жедел басқару орталығы абаттандыру қағидаларын бұзу және ұсақ бұзақылық фактілерінің жолын кесу, сондай-ақ тұрғындардың мәдени мінез-құлқын қалыптастыру және қоршаған ортаға ұқыпты қарау бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде.

Жыл басынан бері орталық тарапынан абаттандыру қағидаларын бұзудың 2740 фактісі және ұсақ бұзақылықтың 316 дерегі анықталды. Әрбір факті бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.

«Таза Қазақстан» — бұл бір реттік акция емес, әр адамның жеке жауапкершілігінен басталатын өмір салты. Таза көшелер мен абаттандырылған аумақтар — бүгін біз балаларымыздың жарқын әрі таза болашағы үшін қалыптастырып жатқан жайлы және қауіпсіз ортаның кепілі.

#заңментәртіп🚨 #законипорядок🚔

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke