Компания ломбардтық қызметпен айналысу құқығынан айырылғанына қарамастан, зергерлік бұйымдарды кепілге қойып, қарыз беруді жалғастырған. Бұл туралы Алматы облысы бойынша Қаржылық мониторинг агенттігінің департаменті хабарлады.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, «Альби-Ломбард» ЖШС атауын «Альби-КМ» ЖШС деп өзгерткеннен кейін де компания Алматы және Түркістан облыстарында жұмысын жалғастырған. Қарыздар күніне 2% мөлшерлемемен берілген. Бұл тергеу барысында көрсетілген шекті 0,3% мөлшерлемеден алты еседен астам жоғары.
Мәмілелерді рәсімдеу үшін бұрынғы компанияның мөрлері басылған кепіл билеттері пайдаланылған. Есеп айырысулар қолма-қол ақшамен және бақылауындағы жеке кәсіпкерлердің банк шоттары арқылы жүргізілген.
Тергеу нұсқасы бойынша, заңсыз қызметтен түскен кіріс 146 миллион теңгеден асқан.
⚖️ Сот күдіктінің мүлкіне тыйым салды. Атап айтқанда:
🔹 21 пәтер;
🔹 5 жер учаскесі;
🔹 7 автокөлік;
🔹 7 гараж;
🔹 2 дүкен;
🔹 1 қонақүй.
Күдіктіге қатысты елден шықпау және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.
Қылмыстық іс сотқа жолданды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.

