Алматы облысы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Оқитын ұлт» жобасы аясында қазақ әдебиетінің көрнекті туындысы — Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабына арналған талдау өтті.
📖 Кітап талдау барысында жастар шығарманың мазмұнына үңіліп, автордың балалық шағы, отбасындағы тәрбие, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрдің маңызы туралы ой қозғады.
✨ Мұндай кездесулер жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, рухани дүниесін байытуға және ұлттық әдебиетімізді тереңірек тануға жол ашады.
🇰🇿 Қазақстанды кітап оқитын елге айналдырайық!

