Алматы облысы жастар ресурстық орталығының мамандары оқушылармен кездесіп, жастарға арналған өзекті жобалар мен бастамалар туралы ақпаратпен бөлісті.
🤝 Кездесу барысында жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуына, өз қабілеттерін дамытуына және жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуіне бағытталған бағдарламалар таныстырылды.
🌱 Сондай-ақ волонтерлік қызметтің маңызына тоқталып, еріктілік арқылы қоғамға пайда келтіру, қайырымды істерге үлес қосу және түрлі жобаларға қатысу жолдары түсіндірілді.
✨ Кездесудің басты мақсаты — оқушылардың белсенділігін арттыру, жастар бастамаларын қолдау және волонтерлік мәдениетті дамыту. Шара соңында оқушылар QR-код арқылы орталықтың әлеуметтік желідегі парақшасына өтіп, жобалар туралы қосымша ақпарат алды.

