Қонаев қаласында Республика күні қарсаңында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 7 аумақта абаттандыру жұмыстары аяқталды. Жаңартылған аумақтар тұрғындардың игілігіне берілді. Жобалар балалар ойын алаңдарын салу мен жаңартуды, сондай-ақ спорттық инфрақұрылымды дамытуды қамтиды.
Атап айтқанда, төмендегі аумақтарда жұмыстар аяқталды:
№8 шағын аудан — балалар ойын алаңы салынды;
№1 шағын аудан, №30 үйдің маңы — балалар ойын алаңы салынды;
№2 шағын аудан, №2 үйдің артқы жағы — балалар ойын алаңы салынды;
№5 шағын аудан, №50А үйдің ауласы — шағын футбол алаңы салынды;
№10 шағын аудан — балалар ойын алаңы жаңартылды;
№1 шағын аудан, №8 үйдің маңы — жоспарланған жұмыстар аяқталды;
№3 шағын аудан, №22 үйдің маңы — жоспарланған жұмыстар аяқталды.
Жыл соңына дейін тағы 9 аумақта абаттандыру жұмыстарын аяқтау жоспарланып отыр. Олардың қатарында аллеялар, балалар және спорт алаңдары, сондай-ақ үй жануарларын серуендетуге арналған арнайы алаң бар.
Айта

