Қонаев қаласында Республика күні мерекесі қарсаңында күзгі көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Қаладағы жасыл желектердің санын арттыру мақсатында Индустриялық және Қонаев көшелерінің бойына, сондай-ақ Алматы – Өскемен автожолының бойына 3 мың түп ағаш отырғызылды.
Отырғызылған көшеттердің қатарында акация мен арша бар. Алдағы уақытта Қонаев қаласында жеміс ағаштарын отырғызу да жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында саяжай алқаптары мен Қарлығаш шағын ауданында сенбіліктер ұйымдастырылды.
Іс-шараға 250 адам қатысып, аумақтарды қоқыстан тазартты. Нәтижесінде 350 қап қалдық жиналды.

