«Золотое Яблоко-ның» Қазақстандағы алғашқы медиа марапаты: бьюти-өнім таңдауда адамдар кімге сенеді және қазақстандықтар кімге дауыс берді

«Золотое Яблоко» алғашқы «Красиво!» / «Әдемі!» медиа марапатының қорытындысын шығарды. Сұлулық, бөлшек сауда және тұтыну мәдениеті туралы жазатын журналистер мен блогерлерге сыйлықтар табысталды. 14 марапат үшін 95 үміткер бақ сынады — жеңімпаздарды оқырмандар мен жазылушылар таңдады. Рәсім басталмас бұрын Қазақстанның бьюти-нарығы туралы паблик-ток өтті, онда «Золотое Яблоко» шопингтің ұтымдылығы, ақпарат көздеріне сенім және бьюти-трендтер туралы өз зерттеуінің нәтижелерін ұсынды. Толық ақпарат төменде берілген.

Марапат қорытындылары

Дауыс беру 15-25 қазан аралығында медиа марапаттың ресми сайтында өтті. Жеті номинацияның әрқайсысында екі лауреаттан таңдалды — «Гуру» және «Сарапшы». Жеңімпаз атанғандар:

Журналистер

  • «Сұлу сөз» номинациясы — бьюти-индустрия, брендтер мен адамдар туралы материалдар үшін: Анар Кукиева («Гуру», Tatler Asia) және Айжан Шайкенова («Эксперт», Mustafin Magazine). 
  • «Дүкендегі сауда» номинациясы — офлайн-ретейл туралы жарияланымдар үшін: Сания Бердиходжаева («Гуру», NoFake.kz) және Катерина Клеменкова («Эксперт», Inbusiness.kz). 
  • «Онлайн бьюти» номинациясы — электронды сауда туралы материалдар үшін: Гүлжан Раманқұлова («Гуру», BAQ.KZ) және Саида Сулеева («Эксперт», Tribune).

Блогерлер

  • «Бьюти-жаңалық» номинациясы — 5 000-нан 9 999 жазылушыға дейінгі блогтар: Нұршат Ғазизова («Гуру») және Яна Пак («Эксперт»). 
  • «Контентмейстер» номинациясы — 10 000-нан 99 999 жазылушыға дейін: Мадина Бағдатова («Гуру») және Карина Күнісбекова («Эксперт»).
  • «Бьюти-пікір көшбасшысы» номинациясы — 100 000 жазылушыдан бастап: Жанна Нұралы («Гуру») және Камила Күмісқалиева («Эксперт»). 
  • «Бьюти-сері» номинациясы — ер адамдар жүргізетін блогтар: Диас Алпысбаев («Гуру») және Әміржан Нармашев («Эксперт»).

Халықтық дауыс беру арқылы өткен номинациялардан бөлек, серіктес брендтердің де негізгі дауыс беруден тыс өз арнайы номинациялары болды. VIVIENNE SABÓ «VIVIENNE SABÓ музасы» номинациясында, Sisley Paris — «Қазақстанда Sisley Paris-ті дамытуға қосқан үлесі үшін», FOR ME by gold apple — «FOR ME by GA махаббатпен», DARLING — «Beauty Role Model» номинацияларында марапаттарды табыстады. Тағы бір арнайы номинация — «Ірі планда» марапатын «Золотое Яблоко» табыс етті. Толық нәтижелер 30 қазанда марапат сайтында жарияланады.

«Әдемі!» марапатының қонақтары мен ұйымдастырушыларына арналған өзінің ресми хатындаҚазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Ж.С. Күшікова былай деді: «Лауреаттар мен үміткерлерге одан әрі өркендеу мен өзара тиімді ынтымақтастық, ал қазақстандық брендтерге жергілікті және шетелдік нарықтарда аясын кеңейтуді тілеймін».

Тұтынушылардың шопинг, сенім, жергілікті брендтер және ақпарат көздері туралы пікірі

«Золотое Яблоко» Қазақстанның 2000-нан астам тұрғынының марапат номинацияларына жақын тақырыптар бойынша пікірін зерттеді. Ретейлер сарапшылармен — L’Oréal Kazakhstan, Parfum De Vie және Tiburon Research Kazakhstan өкілдерімен қазақстандықтар косметика мен дүкенді қалай таңдайтыны және қандай ақпарат көздеріне сенетіні туралы әңгімелесті. Зерттеудің толық нұсқасымен осында танысуға болады, төменде зерттеудің негізгі тұжырымдары берілген:

Марапат тақырыбына ең жақыны — сатып алушылардың бьюти-трендтер туралы қайдан білетіндігі туралы сұрақ. Респонденттердің 68%-ы блогерлер мен инфлюенсерлерді, 14%-ы БАҚ-ты атап өтті. Форматтардың ішінде көбіне сарапшымен сұхбат (48%) және үздік құралдар топтамасы (39%) таңдалса, ең сирек таңдалғандары — тестілеу арқылы жасалған редакция шолуы (12%).

Сатып алу жөнінде шешім де жиі басқалардың тәжірибесіне сүйеніп қабылданады: сұралғандардың 94%-ы пікірлерге назар аударады, ал 80%-ы өнімді шолулар мен ашып-көрстеуден кейін сатып алады. Әлеуметтік желілер де әсер етеді: 70%-ы TikTok және Instagram трендтерінен білген косметиканы сатып алған.

Тауардың түпнұсқалығы — дүкен таңдаудың басты критерийлерінің бірі: 36-55 жас аралығындағы респонденттердің 80%-ы сатып алу орнын өнімнің түпнұсқалығына сенімділігі бойынша таңдайды. 31%-ы мұндай кепілдік үшін артық төлеуге дайын, ал 25%-ы соңғы бір-екі жылда түпнұсқалыққа талапшыл бола түсті. Бьюти-брендтердің өкілдері түпнұсқа өнімнің «Золотое Яблоко» сөрелеріне қалай түсетінін айтып берді. Бұл мәселенің маңыздылығын Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция вице-министрі Ж.С. Күшікова өз үндеуінде атап өтті: «Қолда бар ақпаратқа сәйкес, Қазақстанның бьюти-тауарлар мен қызметтер нарығы жыл сайын орта есеппен 5%-ға өсуде. Бұл көрсеткіштің артында жаңа дүкендер мен салондар, жаңа өндірістер мен жұмыс орындары тұр. Аталған өсімнің отандық компаниялар есебінен қамтамасыз етілуі, ал қазақстандық күтім косметикасы мен сәндік косметика өнімдерінің сөрелерде кеңінен ұсынылуы әрі сыртқы нарықтарға сенімді түрде шығуы біз үшін маңызды. Сұлулық мәселелері тұтынушылардың сапа, адалдық және жауапкершілікпен таңдау контекстінде қарастырылатын тенденцияны атап өткен жөн. Контрафакттың адам денсаулығына зиян келтіретінін, оның ішінде адал бизнеске деген сенімге нұқсан келтіретінін ескерсек, тұтынушылардың құқықтарын және зияткерлік меншікті қорғау сауда саласындағы мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі болып отыр. Біз сауда желілерінің, атап айтқанда өнімнің түпнұсқалығына кепілдік беруге және қазақстандық өндірушілерге қолдау көрсетуге негізделген «Золотое Яблоко-ның» тәжірибесін құптаймыз».

Дүкен — тек сатып алу орны ғана емес. Респонденттердің 75%-ы мұнда нақты тауарды алу үшін келеді, 47%-ы жаңа өнімдерді көру үшін, ал 30%-ы тек мастер-класстар, ұтыс ойындары және басқа да белсенділіктер үшін бірнеше рет келген. Қосымшада да жағдай осындай: 67%-ы оны нақты өнімді сатып алу үшін ашады, ал 42%-ы — каталогты парақтап, шабыттану үшін ашады.

Қазақстандық брендтердің танымалдылығы артып келеді. Оларды респонденттердің жартысынан көбі — 54%-ы сатып алады, әсіресе сәндік косметиканы. Адамдардың жергілікті өнімдерді таңдауының басты себептері: жергілікті өндірушілерді қолдау ниеті (42%) және қолжетімді баға (41%). «Золотое Яблоко» ассортиментінде қазір 31 қазақстандық бренд бар.

Көбі косметиканы өзгелердің тәжірибесіне сүйеніп таңдайды: респонденттердің 94%-ы пікірлерге назар аударады, ал 80%-ы шолулар мен ашып-көрсетуден кейін өнімді сатып алады. Сатып алушылар бьюти-трендтер туралы көбінесе блогерлер мен инфлюенсерлерден (68%) біледі, ал 70%-ы TikTok пен Instagram трендтерінің ықпалынан кейін косметика сатып алған.

«Зерттеу деректеріне сәйкес, бүгінде қазақстандық қыз-келіншектер тек ұсыныс-кеңестерге ғана емес, сонымен қатар ЖИ (жасанды интеллект) мәліметтеріне де сүйенеді. Түптеп келгенде өздері жайлы Желіде көбірек ақпарат қалдыратын брендтер ұтады, себебі ЖИ жауаптары негізінде сол жатыр», — деп атап өтті Tiburon Research Kazakhstan бизнесті дамыту жөніндегі директоры Ляйсан Хамидуллина.

Суреттер мына сілтемеде.

Компания туралы ақпарат

«Золотое Яблоко» — халықаралық омниканалдық бьюти-ретейлер. Қазақстанда компания 2022 жылдан бері жұмыс істеп келеді: мұнда бес дүкен — үшеуі Алматыда, Астана мен Шымкентте бір-бірден — және екі тарату орталығы бар. Қазақстан тұрғындары тауарларды сайтта және қосымшада бүкіл ел бойынша жеткізу қызметі арқылы, ал Алматы мен Астанада — тапсырыс берген күні жеткізіп беру шарты бойынша тапсырыс бере алады. «Золотое Яблоко-да» әлемнің түкпір-түкпірінен масс-маркеттен люкске дейінгі 1500-ден астам бренд ұсынылған: сәндік және күтім косметикасы, парфюмерия, үйге арналған тауарлар, аксессуарлар, техника және тағы басқалар. Компанияның ассортиментіне Parfum De Vie, Genome, TruNomad, Beautyproff сияқты 31 қазақстандық бренд кіреді.

Ұқсас мақалалар | Статьи по теме

Жаңалықтар | Новости

instagram
@nurlyolke